ХИМИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУДЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ
Summary
No summary yet. VIRAT can read this paper and write a plain-language summary of its aim, methods, key findings and limitations.
Summarise with VIRAT Free to try with your Science Catalogs account.Abstract
Мақалада химиялық жобаларға негізделген оқытуды ұйымдастырудың білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпалы қарастырылады. Зерттеу жоғары білім беру жағдайында жүргізіліп, оқу үдерісі 15 апта бойы жобалық әрекет негізінде ұйымдастырылды. Білім алушылар шағын топтарда химиялық мазмұндағы ғылыми жобалар орындап, зерттеу мәселесін анықтау, эксперимент жүргізу, нәтижелерді талдау және ғылыми қорытынды жасау сияқты зерттеушілік әрекеттің негізгі кезеңдерін меңгерді. Зерттеу барысында бастапқы және қорытынды сауалнама, жобаларды қорғау нәтижелерін бағалау және оқу жетістіктерін салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Алынған деректер химиялық жобаларға негізделген оқытудың білім алушылардың зерттеу әрекетіне қатысу белсенділігін арттырып, олардың ғылыми ойлауын, эксперименттік мәдениетін және нәтижелерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру қабілеттерін дамытуға ықпал ететінін көрсетті. Зерттеу нәтижелері жобалық әрекетті химия пәнін оқыту тәжірибесіне жүйелі енгізу білім алушылардың пәндік білімін тереңдетумен қатар, олардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді жолы екенін дәлелдейді.
Fields of Study & Subjects
Problem and Project Based Learning
Science Education and Pedagogy
Chemistry Education and Research
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 15 March 2026
- Language
- KK