МЫРЫШ АЦЕТАТЫНАН МЫРЫШ ОКСИДІНІҢ НАНОБӨЛШЕКТЕРІН СИНТЕЗДЕУ КЕЗІНДЕ ХИМИЯЛЫҚ ТҰНДЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Read full text Summarise with VIRAT
Authors: МҰҒИЫН МЕРЕКЕ ЕРЖАНҰЛЫ, B. R. Taussarova, Samadun A., РОДИОНОВ А.М
Cited by: 0

Summary

No summary yet. VIRAT can read this paper and write a plain-language summary of its aim, methods, key findings and limitations.

Summarise with VIRAT Free to try with your Science Catalogs account.

Abstract

Жұмыста мырыш ацетаты дигидратын бастапқы тұз, ал натрий гидроксидін тұндырғыш агент ретінде пайдалану арқылы мырыш оксиді нанобөлшектерін химиялық тұндыру әдісімен синтездеу тәсілі қарастырылды. Зерттеу ZnO қолданудың қолданбалы бағыттарына емес, ұсақдисперсті және құрылымдық тұрғыдан реттелген материал алу шарттарын таңдауға бағытталды. Эксперименттік нұсқалардың көлемін қысқарту мақсатында ацетаттық қатардан синтездің төрт режимі іріктелді. Олар прекурсор концентрациясы, сілті концентрациясы, еріткіш табиғаты, pH мәні, синтез температурасы, күйдіру температурасы, араластыру уақыты және араластыру жылдамдығы бойынша ерекшеленді. Барлық жағдайда бөгде кристалдық қоспаларсыз вюрцит типті таза гексагональды ZnO фазасының түзілетіні анықталды. Ең тиімді нәтиже 0,3 М мырыш ацетатын метанолда ерітіп, 1,5 М NaOH, pH 13, синтез температурасы 70 °C, араластыру уақыты 90 мин, араластыру жылдамдығы 700 айн/мин және кейіннен 600 °C температурада күйдіру жағдайында алынды. Осы нұсқа үшін кристаллиттердің ең төменгі мөлшері 3,29 нм, кристалдылық дәрежесінің ең жоғары мәні 79,83 % және тыйым салынған аймақ енінің ең төменгі көрсеткіші 3,37 эВ тіркелді. Алынған деректер «мырыш ацетаты — натрий гидроксиді» жүйесінде тұндыру мен термиялық өңдеу шарттарын өзгерту арқылы ZnO нанобөлшектерінің қалыптасу параметрлерін бағытталған түрде реттеуге болатынын көрсетті.

Fields of Study & Subjects

ZnO doping and properties Chemical and Physical Properties of Materials Nanoparticles: synthesis and applications

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
15 March 2026
Language
KK