ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Summary
No summary yet. VIRAT can read this paper and write a plain-language summary of its aim, methods, key findings and limitations.
Summarise with VIRAT Free to try with your Science Catalogs account.Abstract
Мақалада заманауи мектеп жағдайында девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер мен цифрлық ортаның ықпалы нәтижесінде жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлықтың түрлі формаларының таралуымен байланысты. Мақалада ғылыми әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау негізінде девиантты мінез-құлықтың көпфакторлы табиғаты, оның әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық детерминанттары сипатталады. Сондай-ақ превентивті педагогика қағидаттары, мектептегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары мен ұйымдастыру модельдері талданады. Зерттеу нәтижелері девиантты мінез-құлықтың алдын алу және түзету жұмыстарының тиімділігі мектеп, отбасы және қоғам арасындағы өзара ынтымақтастыққа, тұлғалық-бағдарланған және жүйелік тәсілдерді қолдануға байланысты екенін көрсетеді. Қорытындысында білім беру ұйымдарында әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ғылыми негізде ұйымдастыру жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуін қолдауға, олардың тұлғалық ресурстарын дамытуға және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететіні анықталды.
Fields of Study & Subjects
Crime
Deviance
and Social Control
Psychology of Development and Education
Educational Practices and Policies
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 15 March 2026
- Language
- KK