ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС НЕГІЗІНДЕ ФИЗИКА ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ РЕСУРСТАР АРҚЫЛЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

Read full text Summarise with VIRAT
Authors: А.БЕЙМБЕТҚЫЗЫ, Д.Қ.АЙДАРБАЕВА, Н.Б.МӘЖИТ
Cited by: 0

Summary

No summary yet. VIRAT can read this paper and write a plain-language summary of its aim, methods, key findings and limitations.

Summarise with VIRAT Free to try with your Science Catalogs account.

Abstract

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – білім сапасын арттырудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Функционалдық сауаттылық білім алушылардың алған білімдерін өмірлік жағдайларда тиімді қолдану қабілетін, сыни ойлауын, проблемаларды шешу дағдыларын және ғылыми дүниетанымын қалыптастыруды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда, физика мен биология пәндерінің пәнаралық байланысы негізінде цифрлық және интерактивті ресурстарды пайдалану білім беру процесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мақалада физика және биология пәндерін интеграцияланған түрде оқыту барысында виртуалды зертханалар, PhET симуляциялары, интерактивті электронды кітаптар, кеңейтілген және виртуалды шынайылық технологиялары, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі білім беру құралдарын қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар оқыту процесінде жобалық оқыту, зерттеушілік тәсіл және цифрлық педагогика элементтерін енгізу арқылы оқушылардың ғылыми түсінігін тереңдету және функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары талданды. Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері физика мен биология пәндерін оқыту барысында цифрлық және интерактивті ресурстарды тиімді пайдалану оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға елеулі үлес қосатынын көрсетеді.

Fields of Study & Subjects

Educational Methods and Outcomes Science and Education Research Science Education and Pedagogy

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
15 March 2026
Language
KK