ХИМИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ
Summary
No summary yet. VIRAT can read this paper and write a plain-language summary of its aim, methods, key findings and limitations.
Summarise with VIRAT Free to try with your Science Catalogs account.Abstract
Мақалада химиялық білім берудегі виртуалды шындық (VR) технологияларын қолданудың мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылады. VR арқылы виртуалды зертханалар құру, 3D молекулалық визуализация және интерактивті тәжірибелер жүргізу оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, оқу нәтижелерін едәуір жақсартатыны ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік жобалар негізінде дәлелденеді. Сонымен қатар, VR-платформаларды қолданудың білім беру процесіндегі тиімділігі, тәжірибе жасаудың қауіпсіздігі мен қолжетімділігі, теориялық түсініктерді практикалық тұрғыда бекітуге қосқан үлесі талданады. VR технологиялары оқушылардың оқу мотивациясын, өзара әрекеттесуін және сыни ойлау қабілетін арттыруға, сондай-ақ күрделі химиялық ұғымдарды визуалды түрде түсінуге мүмкіндік береді. Бұл технологиялар заманауи химиялық білім беруде инновациялық, тиімді және оқушыларға тартымды әдіс ретінде ұсынылады.
Fields of Study & Subjects
Various Chemistry Research Topics
Augmented Reality Applications
Virtual Reality Applications and Impacts
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 15 March 2026
- Language
- KK