БАЛАЛАРДА ОДОНТОГЕНДІ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА АНТИБАКТЕРИАЛЬДЫ ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Summary
No summary yet. VIRAT can read this paper and write a plain-language summary of its aim, methods, key findings and limitations.
Summarise with VIRAT Free to try with your Science Catalogs account.Abstract
Балаларда жақ бет аймағы тіндерінің анатомиялық құрылыстарына байланысты, одонтогенді қабыну үрдістерінің ағымының бірқатар өзгерістері бар: ол бір нозологиялық түрден екінші түріне тез өтуі, лимфа түйіндерінің зақымдану жиілігі, жалпы белгілердің жергілікті көріністеріне қарағанда басым болуы, жергілікті қабыну көрінісінің ересектерге қарағанда айқын болуы және ағзаның улануының жоғары дәрежелілігі. Рациональды антибиотикотерапия стоматологиядағы негізгі үрдістердің бірі, себебі науқастарға стоматологиялық ауруларды емдеудің максимальды тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл терапия дәлелді медицинаның үрдістеріне негізделген және науқастың жағдайын толық диагностикалауға сүйенеді. Сондай-ақ, ауыз қуысының бактериальды инфекцияларын емдеу үшін қоздырғыштарды анықтау, қажетті антибиотиктерді таңдау, оның мөлшері және қолдану ұзақтығын ескереді. Дәрілік терапияны баланың жасына, оның жалпы жағдайына және қосалқы жүрген патологиясын ескере отырып, тағайындайды және ол негігі әлеуметтік мәселелердің бірі. Балаларда одонтогенді қабыну ауруларының алдын алуда антибактериальды препараттарды баланың жасына байланысты, тиімді және ыңғайлы жолмен тағайындау және жүйелі түрде тәжірибеге енгізу. Балаларда одонтогенді қабыну ауруларының алдын алуда отандық өнім Зитмак 200 антибактериальды препаратын қолданудың тиімділігін бағалау.
Fields of Study & Subjects
Otolaryngology and Infectious Diseases
Antibiotic Use and Resistance
Streptococcal Infections and Treatments
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 15 March 2026
- Language
- KK