«ИНФРАҚЫЗЫЛ СӘУЛЕЛЕНУ АҒЫНЫНДА ӨҢДЕЛГЕН АСТЫҚ ШИКІЗАТЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІК КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ»

Read full text Summarise with VIRAT
Authors: А.МУХАМЕДЯРҚЫЗЫ, А.ОСПАНОВ, А.ЖҮНІСПЕК
Cited by: 0

Summary

No summary yet. VIRAT can read this paper and write a plain-language summary of its aim, methods, key findings and limitations.

Summarise with VIRAT Free to try with your Science Catalogs account.

Abstract

Бұл ғылыми жұмыста инфрақызыл сәулелену ағынында өңделген астық шикізатының технологиялық ерекшеліктері мен микробиологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері зерттелді. Зерттеу объектілері ретінде дәнді дақылдардың негізгі түрлері - арпа, жүгері және бидай үлгілері алынды. Астық үлгілері инфрақызыл сәулелену технологиясы арқылы микронизация процесінен өткізілді. Микронизация процесі Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтында (ҚазНИВИ) орналасқан микронизатор аппаратында жүзеге асырылды. Инфрақызыл сәулелену арқылы өңделген астық үлгілерінің микробиологиялық көрсеткіштері Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) Агрохаб зертханасында зерттелді. Зерттеу барысында астық шикізатының негізгі микробиологиялық көрсеткіштері анықталды. Атап айтқанда, мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің жалпы саны (МАФАМ), ішек таяқшасы тобы бактериялары (Escherichia coli) және зең саңырауқұлақтары анықталды. Микробиологиялық талдаулар стандартты әдістерге сәйкес жүргізілді. МАФАМ көрсеткіштері МЕМСТ 31747 стандарты бойынша, ал ішек таяқшасы тобы бактерияларын анықтау МЕМСТ 30518-97 стандарты бойынша жүзеге асырылды. Зерттеу барысында үлгілерден он еселік сұйылту әдісі арқылы дайындалған суспензиялар қоректік орталарға себіліп, инкубациядан кейін Петри табақшаларында өсіп шыққан колониялар саны есептелді. Микроорганизмдердің саны Кохтың колонияларды санау әдісі арқылы анықталды. Зерттеу нәтижелері астық үлгілерінде микроорганизмдердің белгілі бір мөлшерде кездесетінін көрсетті. МАФАМ көрсеткіштері арпа, жүгері және бидай үлгілерінде әртүрлі деңгейде анықталды. Сонымен қатар Sabouraud қоректік ортасында зең саңырауқұлақтары, ал Эндо қоректік ортасында Escherichia coli бактериялары анықталды. Алынған нәтижелер астық шикізатының микробиологиялық құрамын бағалауға мүмкіндік береді.

Fields of Study & Subjects

Microbial Inactivation Methods Agricultural Engineering and Mechanization Radiation Effects and Dosimetry

Publication details

Journal / source
In The World Of Science and Education
Publication date
15 March 2026
Language
KK