SCUTELLARIA SIEVERSII BUNGE (LAMIACEAE) IN THE HIGH-ALTITUDE ECOSYSTEMS OF THE ILI ALATAU: ECO-MORPHOLOGICAL ADAPTATION AND PHYTOCHEMICAL POTENTIAL

Read full text
Authors: Қазақстан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Алматы, Ж.А. Абдуалиева, А.Т. Мамурова, Қазақстан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Алматы, Н.З. Ахтаева, Қазақстан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Алматы, Л.Н. Киекбаева, Қазақстан С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Алматы, А.С. Нурмаханова, Қазақстан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Алматы
Cited by: 0
References: 1

Abstract

Мақалада Іле Алатауы флорасындағы Scutellaria sieversii Bunge өсімдігінің морфологиялық, экологиялық және фармакологиялық потенциалы ғылыми деректер негізінде талданады. Қазақстанның таулы аймақтарындағы биоалуантүрлілікті сақтау мен дәрілік өсімдіктер қорын тиімді пайдалану мәселелері аясында аталған түрдің таралу аймағы, экологиялық бейімділігі және биоактивті қосылыстары қарастырылады. Зерттеу барысында флоралық және экологиялық еңбектердегі мәліметтер сараланып, өсімдіктің табиғи популяцияларының тұрақтылығы мен биоресурстық маңызы анықталады. Сонымен қатар Scutellaria туысына тән фармакологиялық қасиеттер негізінде түрдің болашақта фитопрепараттар әзірлеуде қолданылу мүмкіндігі бағаланады. Нәтижесінде Scutellaria sieversii Іле Алатауы флорасындағы перспективті дәрілік өсімдік ретінде ғылыми тұрғыдан негізделеді. Зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Зерттеу әдістері мен әдіснамасы ретінде ботаникалық сипаттама, флоралық салыстырмалы талдау және әдеби дереккөздерді жүйелеу қолданылды. Түрдің морфологиялық ерекшеліктерін сипаттауда таксономиялық еңбектерге сүйену маңызды болды. Сонымен қатар Іле Алатауының өсімдік қауымдастықтары туралы экологиялық зерттеулер арқылы түрдің таралу аймағы мен экологиялық бейімділігі анықталды. Дәрілік әлеуетін бағалау барысында фитохимиялық және фармакологиялық бағыттағы зерттеулердің нәтижелері салыстырмалы түрде қарастырылды. Нәтижелер мен талқылау. Зерттеу нәтижесінде Scutellaria sieversii Bunge биіктігі 12–40 см. дейін жететін көпжылдық өсімдік екендігі айқын байқалды. Тамыры сүректі, негізгі тамыр (кіндік) жерге жабыса жайылып, тармақталып орналасқан. Сабақтары көп, жоғары қарай көтеріліп өседі немесе тік; кейде иілген не аздап иректелген болып келеді. Сирек түкті, кейде тек түбінде ғана күлгінденіп тұрады. Жапырақтары: ұзындығы 0,7–3 см, ені 0,3–2 см; пішіні үшбұрышты-жұмыртқа тәрізді, кейде созылыңқы. Түбі кесілген немесе кең сына тәрізді, ұшы үшкірлеу. Қорытынды. Scutellaria sieversii Bunge Іле Алатауы флорасындағы экологиялық және биоресурстық маңызы жоғары өсімдік ретінде бағаланады. Ғылыми деректер түрдің морфологиялық тұрақтылығы, экологиялық бейімділігі және әлеуетті дәрілік қасиеттері бар екенін көрсетеді. Өсімдіктің химиялық құрамы мен фармакологиялық белсенділігі толық зерттелмеген. Сондықтан S. sieversii келешекте жаңа табиғи препараттар мен биологиялық белсенді қоспалар өндіруде маңызды шикізат көзі бола алады.

Fields of Study & Subjects

Botany and Plant Ecology Studies Medicinal Plant Research Ethnobotanical and Medicinal Plants Studies

Publication details

Journal / source
Farmaciâ Kazahstana
Volume
1
Pages
50–63
Publication date
25 February 2026
Language
KK