ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІНІҢ МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАРЫ: ТАРИХЫ МЕН МАЗМҰНЫНА ШОЛУ

Read full text
Authors: Нұрсерік Жолбарыс
Cited by: 0

Abstract

Аннотация. Мақалада музей ісіндегі мерзімді басылымдардың қалыптасуы мен дамуы кешенді түрде қарастырылады. Зерттеудің хронологиялық шеңбері XIX ғасырдың ортасынан бастап XXI ғасырдың бірінші ширегіне дейінгі кезеңді қамтиды. XX ғасырдың басынан бастап Еуропа елдері мен АҚШ және халықаралық музейлік ұйымдардың аясында жарық көрген жетекші салалық журналдардың музей теориясы мен практикасының дамуына қосқан үлесі айқындалады. Өзекті мәселе ретінде Қазақстандағы музейлік мерзімді басылымдардың тарихына ерекше назар аударылған. 1930 жылы жарық көрген «Qazaqьstan ortalьq musejinin tili – Вестник Центрального музея Казакстана» журналынан бастап, тәуелсіздік жылдарындағы «Қазақстан музейлері – Музеи Казахстана», «Мәдени мұра», өңірлік музейлер шығарған журналдар мен бюллетеньдер, сондай-ақ соңғы жылдары жарық көрген ғылыми-практикалық және электронды басылымдар жан-жақты талданады. Әр басылымның мазмұндық бағыты, ғылыми-әдістемелік деңгейі, музей ісінің теориясы мен практикасына ықпалы сараланады. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы музейлік мерзімді басылымдардың музей ісін дамытудағы, кәсіби тәжірибені таратудағы және ғылыми коммуникацияны қалыптастырудағы рөлін айқындайды. Сонымен қатар, зерттеуде отандық музейлік басылымдардың сапасын арттыру, рецензиялау жүйесін жетілдіру және электронды нұсқаларын қолжетімді ету сияқты өзекті мәселелерге де көңіл бөлінеді.

Fields of Study & Subjects

Museums and Cultural Heritage Libraries and Information Services Historical Studies and Socio-cultural Analysis

Publication details

Journal / source
Научно-практический журнал MUSEUM KZ
Issue
4
Publication date
14 January 2026