ТЕНДЕНЦИИ ВЫБРОСОВ ЗАГРЯЗНЯЮЩИХ ВЕЩЕСТВ СТАЦИОНАРНЫМИ ИСТОЧНИКАМИ ВИТЕБСКОЙ ОБЛАСТИ
Abstract
Мақалада Витебск облысының әкімшілік аудандарындағы атмосфералық ауаның ластануын тудыратын ластаушы заттардың кеңістіктік-уақыттық динамикасы 2011–2023 жылдар аралығында жан-жақты талданған. Зерттеу барысында заманауи қазіргі картографиялық әдістер мен еоақпараттық технологиялар және салыстырмалы-географиялық тәсілдер қолданылып, стационарлық көздерден тарайтын ластану деңгейі бойынша аудандар ортаоблыстық көрсеткіштермен салыстырылып, жіктелді. Талдау нәтижесінде көптеген аудандарда көмірсутектердің шығарындылары басым екені анықталды, ал кейбірінде көміртек оксиді, күкірт ангидриді және қатты бөлшектердің үлесі жоғары. Ластаушы заттардың құрылымындағы айырмашылықтар мен негізгі поллютанттардың үлестік өзгерістері динамикасы көрсетілді. Мысалы, SO₂ мөлшерінің азаюы байқалса, НМЛОС пен CO үлесінің артуы тіркелді. Сонымен қатар, ондағы ластану деңгейі тұрақты сақталған және жеке компоненттер бойынша оң немесе теріс үрдіс байқалған аумақтар айқындалды. Витебск облысында стационарлық көздердің үлесі республика бойынша орташа деңгейден едәуір жоғары екені анықталып, бұл жағдай қосымша экологиялық және басқарушылық шараларды қабылдауды қажет ететіні көрсетілді. Алынған нәтижелер нақты аймақтардағы ластану түрі, көлемі мен құрылымына қарай бағытталған экологиялық саясат пен табиғатты қорғау шараларын тиімді әрі ғылыми негізде жоспарлауға мүмкіндік береді.
Fields of Study & Subjects
Military Technology and Strategies
Legal and Regulatory Analysis
Linguistic
Cultural
and Literary Studies
Publication details
- Journal / source
- Научный журнал "Вестник Актюбинского регионального университета имени К Жубанова"
- Volume
- 82
- Issue
- 4
- Pages
- 257–264
- Publication date
- 8 January 2026