Ботаникалық және салааралық терминдер жасаудағы олқылықтарды түзету мәселелері
Abstract
Мақалада қазіргі қазақ ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – терминжасам тұрғысындағы олқылықтар туралы ойлар ортаға салынады. Автор қолданылып жүрген қазақша ботаникалық және салаларалық терминдердің арасында түзетуді немесе әлі де талқылай түсуді қажет ететін терминдер туралы пайымдауларын баяндайды. Өсімдік қауымдастықтарының атаулары мен басқа да терминдерді жасау бойынша өзінің басынан өткен өзгерістерді қорыта келіп, соңғы нұсқаларын ұсынады. Терминжасам ісінің аса жауапкершілікті қажет ететіні және бұл іске қазақтілді мамандардың жұмыла кірісуі тиіс екені де айтылады. Автор әр қазақ тілді ғалымды терминдерді дұрыстау ісіне өз үлесін қосуға шақыра отырып, біршама басты терминдердің өзі ұсынған нұсқасын қолдауға әрі өз еңбектерінде пайдалануға, керек болса Мемлекеттік терминология комиссиясына ұжымдық ұсыныстар беруге шақырады.
Fields of Study & Subjects
Linguistic and Cultural Studies
linguistics and terminology studies
Medical and Biological Sciences
Publication details
- Journal / source
- Spiraeanthus
- Issue
- 4
- Pages
- 5–14
- Publication date
- 11 January 2026